Рухани орталықтың мәжіліс залында Жаңақала аудандық мәслихаты депутаттығына "Nur Otan" партиясының атынан түсіп жатқан үміткерлер Дархан Закарин, Зара Жәрдемова және Жанболат Ғұмаров қызметкерлермен кездесу өткізді.
Шараға кітапхана, мәдениет, спорт қызметкерлері қатысты. Алғаш болып сөз алған Д.Закарин биылғы сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын істерді айтып өтті.
- 2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтарға толы жыл болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін, сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз, - деді Д.Закарин.
Одан соң сөз алған З.Жардемова рухани қазынамызға қатысты жасалуы тиіс істерді назарға алатындығын жеткізді. Ж.Ғұмаров болса, спорт саласына қатысты орамды ойларын ортаға салды.
Үш үміткер кездесу соңында барлық қатысушыларды "Nur Otan" партиясын қолдауға және дауыс беруге шақырды.
zhaikpress.kz