Жуырда «Дала жұлдызы» I Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында байқау ұйымдастырылған болатын.
Аталмыш байқауға Германияның Киль қаласындағы Опера және балет театрының балет мастері, хореограф С.Дәлетұлы, Орынбор қаласы «Бәйтерек» қайырымдылық қорының домбыра аспабының оқытушысы, көркем сөз шебері Б.Нұрланқызы, «Жас өрен» шығармашылық орталығынан С.Сәдуақасқызы, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы А.Әбутәліұлы қазылық еткен. Байқау қорытындысында №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің 5-сынып оқушысы Сымбат Досмұхамбет «Сакура гүлдегенде...» атты суретімен айрықша өнер көрсеткені үшін «Қолөнер және бейнелеу» жанры бойынша I орынды жеңіп алды.
Ж.Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz