31.12.2020, 17:23
Оқылды: 38

Теректілік жомарт жүректі Динара

Теректі ауданы Подстепный ауылдық округінде Динара Улмесекованы танымайтын адам кемде-кем. Өзі көпбалалы ана болса да, өзге әйелдердің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, мәселелерін шешіп беруге ықпал етіп жүрген Динараны ортасы осы ниеті үшін сылайды. Қайтпас қайсар ананың уәдесінде тұратынын біліп, сенім артады. Жақында Динараның мейірімінің шексіздігіне тағы да куә болдым. 

134937184_1701860793329141_9124474610719014491_n

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кәсіпкерлермен келісіп, өзі де қалтасынан қаражат шығарып, көпбалалы, аз қамтылған жанұяларға керемет тосын сый жасады. Атап айтсақ, Динараның бірауыз өтінішін жерге қалдырмаған Жандос Рахметқалиев есімді азамат 10 көпбалалы отбасыға 50 мыңнан қаржылық қолдау көрсетсе, Самат Шинғалиев есімді жеке кәсіпкер аналарға ақ жаулық жауып, азық-түлікпен қамтыған.

Күні кеше Динара Ибраимқызы Тоқпай ауылындағы көпбалалы жанұялардың үйіне Аяз атамен арнайы барып, сый-сияпат таратты. Аналар алғысын айтып, балалар ерекше мәз болды.

134885645_1701860803329140_6840205623643193358_n

Ерікті болу – еріккенің ісі емес. Биылғы Еріктілер жылында «Көркем» дамыту орталығының еріктісі, Подстепный ауылдық округі бойынша аналар кеңесінің төрайымы ретінде көп іс тындырған Динараның отбасына амандық, деніне саулық, жұмыста жетістік тілейміз. Халықтың алғысын арқалап жүрген, жомарт жүректі Динарадай аналарымыз көп болсын!

Гүлмира Төлегенова,

«Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

«Көркем» дамыту орталығының жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале