4.01.2021, 11:36
Оқылды: 12

Ел келешегінің кемел болуы маңызды

Биыл 10 қаңтарда Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасаймын. Бұл сайлау науқаны барлық заңнамалық талаптарға сай келетінін жұртшылық нақты көріп, біліп отыр.

нур12

Сондықтан осы сайлауда тәуелсіз еліміздің әр азаматының жасаған дұрыс таңдауы – алдағы болашағымыздың кепілі. Жергілікті сайлау комиссиялары сайлауды өткізу жөніндегі жұмыстарды уақытылы атқарып, барлық талаптардың, заңдылықтардың қатаң сақталуына жіті көңіл бөлуде. Сайлаушылардың өз таңдауын еркін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасалды. Бұл сайлауда ел келешегінің кемел болуы жолында дауыс береміз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткелі Қазақстанды дүние жүзінің барлық елдері таныды. Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап көптеген беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Елімізде тұратын барлық ұлттың тілінің, дінінің, ділінің дамуына толық мүмкіндік істелді. Қазақстан бірінші болып ядролық қарудан бас тартып, бейбіт өнім шығаратын қарусыз мемлекетке айналды. Еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қосуға дайынмын. Сайлаудың ел үшін маңыздылығын ескере отырып, барша жұртшылықты сайлауға белсене қатысуға шақырамын.

 

Наталья Сажина,

                                                                               зейнеткер,

                                                                               Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале