6.01.2021, 10:35
Оқылды: 91

Жәнібектік 11 боздақ туралы тың дерек ұсынды

Өлкетанушы Ахмедияр Батырханов Ұлы Отан соғысына Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, майданда хабарсыз кеткен 11 боздақ туралы мәліметті РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен «Обд-мемориал» сайты арқылы алып, жәнібектік оқырмандарға ұсынды. Ендеше боздақтар туралы тың деректі ұсынамыз.

134824789_2210490699086933_5490859444030294930_n

  1. Абдуллин Кали, 1900 ж.т. Жәнібек ауданы, Ақоба ауылдық кеңесі. 06.1942 жылы хабарсыз кеткен.
  2. Даумов Идрис.1900 ж.т. Ақоба а/к. 04.1945 жылы хабарсыз кеткен.
  3. Джусупов Батрас, 1912 ж.т. Ақоба а/к. 10.1941 жылы хабарсыз кеткен.
  4. Исмагулов Хабен, 1920 ж.т. Ақоба а/к, 07.1943 жылы хабарсыз кеткен.
  5. Исмагулов Хабен, 1916 ж.т. Тереңқұдық ауылдық кеңесі. 03.1943 жылы хабарсыз кеткен.
  6. Кабетов Сатыбалды, 1912 ж.т. Ақоба а/к. 10.1942 жылы хабарсыз кеткен.
  7. Мурзалиев Кали, 1906 ж.т. Ақоба а/к. 08.1942 жылы хабарсыз кеткен.
  8. Утепов Еркегали, 1912 ж.т. 08.1944 жылы хабарсыз кеткен.
  9. Утепов Кенжегали, 1900 ж.т. Ақоба а/к. 09.1942 жылы хабарсыз кеткен.
  10. Шагиров Кокиз, 1912 ж.т. Ақоба а/к. 06.1944 жылы хабарсыз кеткен.
  11. Шентемиров Рашик, 1921 ж.т. Ақоба а/к. 10.1943 жылы хабарсыз кеткен.

Барлығының мекенжайы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылдық кеңесі, «Социализм» колхозы деп жазылған.

- Жоғарыда аты-жөні аталғандар 1999 жылы Орал қаласында жарық көрген «Боздақтар» кітабының 6 томына енбеген. Абдуллин Кали мен Джусупов Батрастың ұрпақтары табылды. Қалған 9 боздақ туралы мәлімет білетіндер болса, хабарласуларын сұраймын. Боздақтардың аты-жөндері архив құжаттары негізінде жазылды. Мәселен, Джусупов Батрас дегенді Жүсіпов Батыраш деп оқуларыңыз сұралады, - дейді өлкетанушы Ахмедияр Қуанұлы.

Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале