«Nur Otan» партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Мейрамбек Аққалиев бастаған сайлауалды штаб пен облыстық, аудандық мәлихатқа үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын Бисен ауылдық округінде жалғастырды. Таратып айтсақ, осы округке қарасты Жиекқұм, Жетібай мен Көктерек елді мекендерінде боп, көпшіліктің ой-пікіріне де құлақ түрді.
Үміткерлер ауылдағы ағайынмен кездесу барысында өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. «Nur otan» партиясы қолға алған цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалардың нәтижелі іске асып жатқанын аудан тірлігімен байланыстыра отырып, баяндап берді. «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді.
«Nur otan» партиясының жеті басым бағыты бойынша жұмыс жасайтынын айтып, алдағы уақытта қолға алынатын бірқатар мәселелерге тоқталды. Кездесуге келген ағайын еліміздегі жетекші партияны қолдайтындарын ғана айтып қоймай, келелі мәселелерді де көтерді.
Бисендік азамат Әбдірахман Құрақов ғаламтор қолжетімділігі туралы мәселе көтерсе, көктеректік ақсақал Қадырбай Айтасов электр бағандарының әбден тозып тұрғанын айтты.
– Қазіргі таңда аудан тұрғындарының төрттен үші көгілдір отынды тұтынып отыр. Күні ертең ала дауыл, ақ боран болып, электр сымдары үзіліп қалса, тек жарықсыз емес, жылусыз да қаламыз. Үміткерлер осы мәселенің тиісті деңгейде көтерсе екен,-деді Қадырбай ағамыз.
– Ғаламтор мәселесі Бисен ауылдық округінде жақын күндері шешімін табады десе, электр сымдарының тозығы жетіп тұрғаны рас. Бұл тек біздің аудан үшін ғана түйткілді мәселе емес, бұл мәселе облыстық деңгейде күн тәртібінде тұр. Бір шешімі болар,-деп аудандық мәслихатқа үміткер Лариса Қайырғалиева жауап берді.
Жиекқұм тұрғыны Гүлмаржан Мәмбетова ауыл тұрғынымен болған кикілжіңнің соңында немересінің денсаулығына айтарлықтай зақым келгенін айтып, істің ақ-қарасын анықтауды қолға алуды сұрады.
Үміткерлер Жетібайда канвассинг шарасы аясында елді мекен ауылнайы Бисен Ижанов, ауылдың ақ жаулықтылары Мәрзия Қауысова мен Қапышпай Қуанғалиевалардың үйлеріне арнайы бас сұғып, маңызды шарадан қалыс қалмай, дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Жетібай елді мекенінде канвассинг шарасы қолға алынып Бисен Ижанов, Мәрзия Қаусова, Қапышпай Қуанғалиева есімді елді мекен белсенділерінің үйлеріне барып, үгіт насихат жұмыстары қолға алынды.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.