8.01.2021, 10:17
Оқылды: 50

Әр үшінші адамда баспана мәселесі бар

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер – Дина Ғалиметденова өзінің әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфир өткізіп, тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өз сөзінде үміткер «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, дамудың жеті басымдығы жөнінде айтып өтті.

3261bb67-3292-4b5d-8a34-75f01ffce610

Өңірдегі өзекті мәселерді тілге тиек ете отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бірнеше шаралардың бар екендігін айтты.
- Бүгінгі таңда, аумақта тұрғын үй кезегінде 26,2 мың адам тұр. 2021-2025 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен Орал және Ақсай қалаларында 34 көппәтерлі тұрғын үй, барлық аудандарда 223 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. 182 үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту арқылы 10-нан астам апатты және тозығы жеткен үйді бұзу арқылы жаңа үйлер салынатын болады. Бұл шаралар арқылы 8 мыңға жуық отбасы баспанаға қол жеткізе алады,- деді ол.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале