8.01.2021, 10:43
Оқылды: 82

Үміткер әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер – Софья Ізмұханбетова өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфир өткізді. Еске сала кетсек, «Nur Otan» партия атынан Парламент мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылушы үміткерлер күнтізбелік демалыстарға қарамастан тұрғындармен барлық жолдар арқылы байланысып, сұрақтарына жауап берді.

82c2b362-7225-4e79-ac87-c46e0eda0614

«Жаңа өзгерістер үшін революция жасаудың қажеті жоқ, тек ғана сауатты болсақ жеткілікті», - деді өз сөзінде үміткер.  Сонымен қатар, Софья Салахадинқызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген тұрғын үйлерге қатысты және ауыл тұрғындары үшін жасалынатын шараларға тоқталып, отбасы институттарын нығайту арқылы қоғамды ірілендіру керек екендігін айтты.

Тікелей эфирге қатысқан желі пайдаланушылары аталған сайлауалды бағдарламаның басымдықтары өзінің нақты нәтижесін беріп, іске асырылса деген тілектерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале