8.01.2021, 17:13
Оқылды: 23

ҚХП аралық қорытындыны шығарды

7 қаңтарда Алматыда Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының кеңсесінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен партия көшбасшыларының онлайн конференциясы өтті. ҚХП мүшелері сайлау науқанының аралық қорытындысын шығарып, алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына дайындық жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады.

х3

Өзекті мәселелерді талқылауға Қазақстан Халық партиясы көшбасшыларының бірі Жамбыл Ахметбеков қатысып, ҚХП қарапайым адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру үшін сайлауға қатысып отырғанын еске салды.

– Біз осы жылы Қазақстандағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдай Үкіметтегі оптимистердің болжамдарымен түбегейлі сәйкес келмегенін көріп отырмыз. Қарапайым қазақстандықтар тиісті қорғаусыз қалды. Біз экономикадағы косметикалық реформалар ештеңе бермейді деп санаймыз. Бізде квазимемлекеттік және трансұлттық шикізат корпорациялары басымдыққа ие. Олар терең өңдеумен емес, шикізатпен айналысқан кезде ештеңе өзгермейді. Біз мемлекет дамудың түбегейлі жаңа моделін қабылдауы – халықтық экономика құруы керек деп санаймыз, - деді Жамбыл Ахметбеков партия мүшелеріне.

Ол мемлекет өнімді және лайықты ақы төленетін еңбек құқығын қамтамасыз етуі тиіс екенін мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале