8.01.2021, 17:18
Оқылды: 26

ҚХП: мемлекет мұғалімдерге лайықты жалақы төлеуге міндетті

6 қаңтарда Қостанайда Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушыларымен және студенттерімен онлайн-кездесу өткізді.

х4

Спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарын түсіндірді. Онда білім беру жүйесін дамыту мен реформалаудың өзекті мәселелері қамтылған.

– Мұғалімдерді заңнамалық тұрғыдан ғана емес, материалдық жағынан да қолдайтын уақыт келді. Мемлекет лайықты жалақы төлеуге, үздік педагогтарға арнайы ақшалай өтемақы мен төлемдер беруге тиіс. Мемлекет әрбір қазақстандық оқушының үйірмелері мен спорт секцияларында төленген қосымша сабақтарының кепілді көлемін қамтамасыз етуге тиіс. Халық партиясы бұл көрсеткіштің облыстық және қалалық әкімдердің жұмыс тиімділігін бағалау критерийлеріне енгізілуін талап ететін болады, - деп мәлімдеді ҚХП атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Зарина Кокжанова онлайн-конференция барысында.

ҚХП мүшелері атап өткендей, партия тиімділігі шамалы жоғары оқу орындарын қысқарту арқылы оқу сапасын арттыруға ниетті.

– Біз бағдарламаларды экономиканың қажеттіліктеріне қарай қайта қараймыз. Трансформация білім беруді дамытудың басымдықтарына айналуға тиіс. Мемлекет білім беру жүйесіне бірыңғай стандарттар енгізіп, бүкіл процесті цифрландыруы керек. Ақпараттық және компьютерлік технологияларды дамыту, сондай-ақ білім беру нысандарының инфрақұрылымын, материалдық-техникалық базасын және жарақтандырылуын нығайту маңызды, - деді Зарина Кокжанова.

Сондай-ақ ол Халық партиясы мектеп оқушылары мен студенттері бар отбасылар үшін интернетке тұрақты жеңілдетілген тарифтерге қол жеткізуге ниетті екенін атап өтті. Оқыту барлығына қолжетімді болуы керек. Барлық оқулықтар цифрландырылуы және Интернетте қолжетімді болуы тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале