Өткен жылдың 28 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясының Қаратөбе аудандық филиалында «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының жүзеге асырылуы бойынша аудан жұртшылығымен онлайн кездесу өткізілді.
Кездесуді жүргізген аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов: «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға бағытталған. Ауыл қашаннан бері қазақ халқының алтын бесігі болып келді. Бұл ауылдар бүгінгі күнде де өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әр ауылдың өзіндік мәселелері бар. Біз осы мәселелерді кезең-кезеңімен шеше отырып, ауылда тұруға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бұл жобаны жүзеге асыруда тек мемлекет қаражаты ғана емес, ауылдың атымтай жомарт азаматтары да елеулі үлес қосып келеді, - деді.
Онлайн форматта өткен кездесуде Нұрлан Жақанұлы «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, ауылымыздың гүлденіп, көркейуіне үлес қосу баршаның парызы екендігін жеткізді.
Серікбай Жәлелұлы,
Қаратөбе ауданы