«Nur Otan» өңірлердегі сайлауалды үгітті-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.
Әр қала мен ауданда партия өкілдері жастармен, кәсіпкерлермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, зейнеткерлермен, жұмысшылармен, аграршылармен, зиялылармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Бүгін Республикалық сайлауалды штаб мүшелері елорда тұрғындарымен жүздесті. Атап айтқанда, «Астана – Жаңа қала» ЕЭА Индустриалдық паркі кәсіпорындарының басшыларымен және «Modex Astana» модульді үй салу зауытының ұжымымен кездесті.
Бұдан кейін партия мүшелері «Назарбаев Университет» ғалымдарымен және «Jas Otan» белсенділерімен кездесу өткізді.
zhaikpress.kz