Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылындағы сайлау учаскесінде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Сақтық шараларына да мықты көңіл бөлініпті. Ауа райының қолайсыздығы да дауыс беремін деушілерге кедергі емес екенін де көре алдық. Әсіресе жастардың сайлауға өте белсенді қатысып жатқандығы қуантады.
Бүгінгі тарихи күнде өз таңдауымды елімнің болашағы үшін жасадым.
Eл бүтіндігі, қарыштап дамуы, әлем алдындағы беделі, ізгі бастамалардың жүзеге асуы, балаларымыздың болашағы үшін дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Мен бұл парызымды бүгін орындадым.
Алма Төлепқалиева,
Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс
жөніндегі ресурстық орталығының басшысы