10.01.2021, 17:06
Оқылды: 12

Сайлау үлкен жауапкершілікті талап етеді

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиға. 

арман (1)

Биылғы сайлау бұрынғыдан өзгерек болып отырғаны да көпке аян. Мен де өз дауысымды лайықты деген партияға бердім. Ең бастысы, еліміздегі татулық пен береке арта берсін!

Сонымен қатар осы бір жауапты істі ұйымдастырушыларға да алғысым шексіз. Сайлаушыларға жағдай жасап отырған азаматтар барлық санитарлық талаптардың сақталуын да мықтап қадағалап отыр. Ол да елімізде бірлік пен берекенің бар екенінің көрсеткіші. Бүгін нүктесі қойылар науқан сайлау процесіне қатысушыларға зор жауапкершілік жүктейді. Сол себепті әр азамат өз таңдауын жасағаны абзал.

Арман Айтпаев,

Переметный ауылының тұрғыны

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале