ҚР Денсаулық сақтау министіргілі таратқан ресми мәлімет бойынша бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталғандай. Десе де бұл арқаны кеңге салып, сақтықты ұмыту керек деген сөз емес.
Қазіргі таңда COVID-19 індетіне қатысты мәлімет күнде жаңартылуда. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Бәйтерек ауданында 95 адам жаман ауру жұқтырған. Бұл осы кезге дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда аз екенін айтады мамандар.
- Ауданда COVID-19 вирусын жұқтырған 95 адамның 70-і сиптомды, қалған 25 адам симптомсыз. 19 адам ауруханада болса, 76 адам үй карантиніне жатқызылды. Ем алуға жіберілгендердің нобайы атап айтсақ, 13-і аудан орталығындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатса, Оралдағы қалалық көпсалалы ауруханада да 4 науқас және 2 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда, - дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz