«Біз біргеміз» жобасы аясындағы акциялар тоқтап қалған жоқ. Бәйтеректік волонтерлер қамқорлық шараларын жалғастыруда. «Қамқор» жобасы шеңберінде жұмыстануда.
Жуырда Раздольный және Егіндібұлақ ауылдық округтерінің жастары ауылда тұратын жалғызбасты зейнеткерлердің қар басқан аулаларын тазартып, басқа да үй шаруасына қолғабыс етті.
Алдағы уақытта аудан волонтерлері еңбек ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты қарияларға арналаған қамқорлық шараларын одан әрі жалғастырмақ.
Аружан Болатбек,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz