12.01.2021, 14:55
Оқылды: 45

Қазақстанда 1 миллионнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқи бастады

Қазақстандағы мектептерде жоспарлы түрде үшінші оқу тоқсаны 11 қаңтарда басталды. Үшінші тоқсан 20 наурызға дейін жалғасады. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бұл тоқсанда санитарлық ахуал ескеріліп оқу процесі әртүрлі форматтарда жүргізілетінін мәлім етті.

Білім11

Шолпан Қаринова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, дәстүрлі форматта оқыту жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптарда жалғасады. Сонымен қатар контингенті 300 балаға дейінгі мектептерде де оқушылар дәстүрлі форматта оқиды.

Бұл тоқсанда:

- меншік нысанына қарамастан мектептердің бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) үшін оқушылар штаттық режимде оқытыла бастады. Оларда пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқыту ұсынылды;

- санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, мектеп жанындағы интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда тұрып оқуына рұқсат етілді.

Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптары үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады: пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта, ал 30%-ы қашықтан оқытылады. Биыл еліміз бойынша бітіруші сыныптардағы оқушылардың саны 440 мыңнан астам адамды құрайды. Оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, сабақтардың икемді кестесі құрылады. Сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар саны ұлғайтылып, әрбір сынып үшін сабақ арасындағы үзілістер әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Санитарлық талаптарға сәйкес мектепке кіру кезінде білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшеу қажет. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда педагогтердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының қалауы бойынша штаттық форматта білім алып жатқан оқушылар үшін мектепте жеке консультациялар өткізуге рұқсат етілген. Бір топта 5 адамнан артық болмауы тиіс.

inform.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале