БЖЗҚ салымшылары «Отбасы банкінде» онлайн режимде арнайы шот аша алады.
Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті операторында тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін алушымен ашылатын ағымдағы банк шоты. Біз, ең алдымен, қазіргі уақытта «Отбасы Банк» АҚ-ның клиенті болып табылмайтын зейнетақы қорының салымшыларына арнайы ағымдағы шоттар ашуды ұсынамыз.
Бұл үшін:
«Отбасы банк» клиенттері үшін арнайы шот онлайн-платформада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініш беру барысында ашылады. Платформа біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері бекітілгеннен кейін іске қосылады. Сондай-ақ арнайы шотты «Отбасы банк» АҚ сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы да ашуға болады.
Арнайы шот ашу операциясы дүйсенбіден сенбіге дейін (қоса алғанда) сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін болады. «Бүгін біз БЖЗҚ салымшыларына мақсаттарына бір қадам жақындап, арнайы шотты онлайн ашуды ұсынамыз. Бұл біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш берген кезде, тұрғындарымыздың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға арналған онлайн-платформа іске қосылады. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.
inform.kz