14.01.2021, 10:02
Оқылды: 50

Бас санитар аязды күндері балаларды мектепте оқыту шешіміне пікір білдірді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов аязды ауа райында балаларды мектепке жіберу шешімі туралы сұраққа жауап берді.

Санитар1

«Биылғы оқу жылының бірінші, екінші тоқсанында алған тәжірибемізді ескере отырып, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қосымша әзірледік және қаулы қабылдадық, соның негізінде үшінші тоқсанда 9, 11, 12-сынып оқушыларын мектепте оқытуға рұқсат бердік. Оқытудың аралас нұсқасында пәндердің 70% қалыпты режимде, 30% - онлайн режимде оқытылатын болады»,- деді Ерлан Қиясов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте тілші сұрағына берген жауабында.

«Алдағы уақытта болатын қолайсыз ауа райына келсек, әр өңірде жағдай әртүрлі болады. Қыс мезгілі жылы болатын аймақтар да бар. Мұнда қолайсыз метеожағдайларға байланысты сабақты тоқтату шешімі әр өңірде жеке қабылданады», - деп түсіндірді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале