14.01.2021, 20:07
Оқылды: 47

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы барлық деңгейдегі мәслихаттарға тізімдер ұсынды

Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 81,25%-ы дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 190 орыннан нұротандықтар 153 мандат алды.

IMG-20210113-WA0015

Кеше облыстық және аймақтық партия филиалдарының саяси кеңес бюро отырысының қорытындылары бойынша облысымыздың барлық деңгейлеріндегі мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданған болатын.

Жалпы, облысымыздың мәслихаттарындағы «Nur Otan» партиясы фракциялардың құрамы 61,4%-ға жаңарды. Партияның депутаттық корпусы 9 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 43 жасты құрап отыр.

IMG-20210114-WA0024

«Nur Otan» партиясынан сайланған облыстық барлық депутаттардың 38% – әйелдер, 25% – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың қатарында сәйкесінше әйелдердің 11%-ға және жастардың 10%-ға артқандығы байқалады. Осылайша, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық деңгейдегі маслихаттарда әйелдер мен жастардың үлес санын арттыру жөніндегі тапсырмасы толық орындалды. 17 депутат – партияға жаңадан кірген, праймериз аясында, яғни партияішілік іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары.

IMG-20210114-WA0023

Мәслихаттарда әр түрлі санаттағы азаматтардың өкілдік етуі шешімдер қабылдаудың теңгерімділігін және барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Депутаттық корпусқа білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ҮЕҰ, БАҚ, кәсіподақ, өнеркәсіп өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер, фермерлер, көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және т.б. кірді.

IMG-20210114-WA0022

Мәслихаттарда әр түрлі санаттағы азаматтардың өкілдік етуі шешімдер қабылдаудың теңгерімділігін және барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале