ЭЦҚ мерзімін ұзарту үшін ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. Ақпаратты тексеру үшін ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп, жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
Одан әрі:
– қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;
– кілттер тізімін жаңарту батырмасын басыңыз.
ЭЦҚ құпия сөзін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;
– ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз;
– ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз;
– негізгі жолдарды толтырыңыз, өтінім беру батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
– ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпия сөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін сертификаттарды жүктеу батырмасын басыңыз.
Есіңізде болсын!
– Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз, SMS-хабарлама келмейді;
– құпия сөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс;
– құпия сөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек;
– электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңіз, ол адам сіздің дүние-мүлкіңізге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ
БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі