18.01.2021, 22:11
Оқылды: 44

Декларация тапсырудағы жаңашылдық

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан елімізде жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталмақ. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Тимур Төлепов пен аталған департаменттің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Оксана Ниғматуллина декларация тапсырудағы жаңашылдықтар туралы түсінік берді.

 Декларация тапсырудағы жаңашылдық

Еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам – Ұлт жоспарындағы» 42-қадамына сәйкес, ҚР азаматтарының  2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшуі көзделген болатын. Бұл  бастама көлеңкелі экономиканы азайтуға, бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыруға, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендетуге өз септігін тигізбек. Салық кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған. Яғни бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап  жалпыға бірдей декларациялау шеңберіндегі декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары тапсыратын болады. Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың некелі жарлары, үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды түрлі мекеме кәсіпорын басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырмақ. Ал төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады. Жаңа жүйенің кезеңдерінде декларацияны одан әрі жетілдіру және кемшіліктер анықталған жағдайда толығымен жою жұмыстары да қатар жүргізілетін  болады, - деді Т.Төлепов.

Оксана Ниғматуллинаның мәлімдеуінше, декларация тұрғылықты жері бойынша қағаз нұсқада биылғы жылдың 15 шілдесінен, ал электронды түрде 15 қыркүйектен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес табыс табатын адамдар декларация тапсыруға тиісті.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале