18.01.2021, 22:49
Оқылды: 36

Казталовта әкімдер есеп беруде

Жылдағы дәстүр бойынша Казталов ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері басталды.

IMG-20210118-WA0076
18 қаңтар күні есеп беру кездесулері Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінде барлық санитарлық талаптарға сай өтті.
Кездесулерге аудан әкімі Альберт Есалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, салалық бөлім басшылары қатысуда.
Аудан әкмінің орынбасары Қадер Нұрғалиевтің қатысуымен Қараоба ауылдық округінде округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жалғас Сүндетовтың және Қошанкөлде округ әкімі Ернар Ілиясовтың есебі тыңдалды.

IMG-20210118-WA0075

Айта кету керек, биылғы кездесулердің бір ерекшелігі бұрынғыдай баяндамалар оқылмай, халықпен еркін жүздесу болды. Яғни, нақты атқарылған жұмыстар сараланып, ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен ортақ мәселелері тыңдалды. Барлық сұрақтарға мүмкіндігінше жауап берілді.
Нақтырақ тоқталсақ, Қараобада тұрғындар Сарыөзеннен техникалық су тарту, интернет жылдамдығын көбейту, медпункттің күрделі жөнделуі, қосымша көше жарығын қою, көлдерге су айдау, мектеп пен мәдениет үйін жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасау, денсаулық клубын жөндеу, ауылға банкомат қою, ауыз суды үнемдеу, округ әкімін сайлау сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.

IMG-20210118-WA0068
Ал Қошанкөл ауылдық округінің тұрғындары ауылға келер жолға жай жөндеу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, интернет жылдамдығын арттыру, «Қазпошта» маманын жұмысқа алу, Қошанкөл ауылындағы қоқыс полигонын реттеу, көлге су шығару, Бақа сайын көтеру, мектеп оқушыларына типтік жобадағы интернат салу, "Сәйгүлік" музейін дамыту туралы сұрақтар қойып, көңілге қонымды жауаптарын алды.
Сонымен бірге ауыл ақсақалдары атқарылған жұмыстар үшін атқамінер азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

IMG-20210118-WA0079
Тереңкөл ауылдық округінде өткен есептік кездесуге аудан басшысы Альберт Темірболатұлы өзі қатысып, округ тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
Тереңкөлдік ағайындар балабақша салу, пошта қызметін реттеу, медпунктке жаңа автокөлік алу, қаңғыбас иттерді аластату, киіктердің шектен тыс көбеюі, жұмыссыздарға берілген гранттардың жұмсалуы, қоғамдық жұмыста жасайтын азаматтардың жұмысын бақылауға алу, қоқыс шығару, ауыл ішін асфальттау, тіркелмеген, мемлекеттік нөмірі жоқ мотоцикл иелерін жауапқа тарту, электр жарығының жиі сөнуі, жолдарды қыру, ауыз су ұңғымасын тазалау туралы мәселе айтып, тұщымды жауаптарын алды.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарын толғандырған барлық сұрақтар бойынша тиісті іс-шаралар жоспары жасалып, мүмкіндігінше шешу амалдары қарастырылатыны туралы айтып өтті.

 

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале