19.01.2021, 22:45
Оқылды: 64

Сайлау қорының қаражаты толық игерілді

2021 жылдың 10 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне, әр деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайланды.

CD1E3999-881D-4F96-A449-11DE86C6A647

Биылғы сайлау ерекше болды. Теректі аудандық мәслихатынығ депутаттығына үш партия - «Nur Otan» партиясы», «Ауыл» ХДПП» және «ADAL» саяси партиясы» тіркелген болатын.

Осы жауапты науқан кезінде үгіт-насихат, сайлауалды бағдарламасымен таныстыру шараларына әр партия қаражат жұмсады.

Таратып айтсақ, Теректі ауданы бойынша сайлауалды шараларына «Nur Otan»  партиясы» қоғамдық бірлестігі сайлау қорына 9 752 000 теңге  түскен.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қорына 200 000 теңге,  «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі қорына 181 000 теңге түскен.  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 4-тармағына сәйкес және «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамының деректері негізінде, жауапты науқанға дайындық жүргізу үшін салынған қаражаттар толық игеріліп, 2021 жылғы 20 қаңтар жағдайына үш партияның да сайлау қорында 0 теңге қалған.

Бұл жөнінде Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Кенжеғұлов хабарлады.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы                          

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале