22.01.2021, 10:55
Оқылды: 60

Қаратөбеліктер мәселесі назардан тыс қалмайды

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың Қаратөбе ауылдық округі халқы алдындағы есеп беру жиналысы өтті.

CF03383E-83D5-46C5-9CF1-03D857CC2DBF

Алдымен жиналғандар алдында округтің өткен жыл ішінде бағындырған бел-белестерін егжей-тегжейлі баяндаған Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Абат Зейнуллин болашақ жоспарларымен бөлісуді де естен шығармады.

Округ әкімі Абат Кәрімұлының айтуынша, округтің негізгі экономикалық бағыты - ауыл шаруашылығы.

- Қазіргі таңда округімізде ауыл шаруашылығы саласымен қатар, жалпы шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан көптеп қолдау көрсетілуде. Сонымен бірге қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне несиелер, гранттар беріліп, жан-жақты көмек көрсетілуде.

2021 жылдың 1 қаңтарына Қаратөбе ауылдық округі бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік  субъектілер саны – 354, оның жұмыс жасап тұрғаны - 340. Кәсіпкерлік субъектілерінде  барлығы 416 адам еңбек етуде.

04E869DE-5974-4206-A254-36DA5A267F76

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2-ші бағытының «Игілік» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы Қаратөбе ауылдық округі бойынша  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 24 адамға мал шаруашылығын дамытуға 80,6 млн. теңге көлемінде несие берілді.

/Қаратөбе-19 адам, 67,6 млн., Шөптікөл-3 адам 7,9 млн., Үшағаш-1 адам 4 млн., Соналы - 1 адам 1,1 млн./

Аталған бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес идеяларын іске асыруға 87 адам қатысып, 48,3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант ұтып алды. 84 гранттың 30-ы марқа өсіру, 1-і құс шаруашылығын дамыту, 2-уі жылқы алу арқылы мал бағымын ұйымдастыру және 54 жоба әртүрлі қызмет саласын дамытуға бағытталған.  Қаратөбе ауылы бойынша - 61, Шөптікөлде - 9, Үшағашта-11 және Соналыда 6 грантты аталған ауылдардың тұрғындары жеңіп алып, жұмыс жасауда. Оның ішіндегі 28 адам АӘК алушы отбасыларынан, - деді өз сөзінде округ әкімі.

Аудан басшысы Жанат Асантаев аудандағы түрлі салалардың жұмысын баяндай отырып, аудан аумағында мемлекеттік бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыстарды ел назарына ұсынды.

- Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына аудандағы экономикалық белсенді халық саны – 8 306 адам (тіркелген жұмыссыздардың саны – 410, тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 4,9 % (2019 жылы 1,0 %) құрады). Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі - 6,0 %, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ті құрайды (2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының жоспары бойынша – 6,6%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,0 %).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының I бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» шеңберінде 25 адам техникалық және кәсіби оқытуға, 47 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Есепті кезеңге 34 адам қысқа мерзімді оқуды аяқтап, 16 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 18 адам қайтарымсыз грант иесі аттанды.

Олар газ қазандығының операторы, аспаз, электросварщик, көлік жүргізуші, 1С бухгалтер, іс қағаз жүргізуші, электрик  мамандықтары бойынша жолданды.

Бағдарламаның III бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында өткен жылы 1 235 адам жұмысқа орналастырылды (тұрақты жұмыс - 647, әлеуметтік жұмыс - 28, жастар практикасы - 111, қоғамдық жұмыстар - 449).

2020 жылға 599 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті кезеңге 804 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде 421 тұрақты жұмыс орындары, 383 уақытша жұмыс орындары, - деді Жанат Асылханұлы.

Аудан әкімі Ж.Асантаев пен округ әкімі А.Зейнуллин өткен жыл ішінде жүзеге асырған жұмыстарына оң көзқарас танытқан округ тұрғындары Нұрберген Жоламанов, Еркінбек Ғаббасов, Н.Оразов сөз алып, Құрманғазы, Сейфуллин көшесіне балалар ойын алаңы сондай-ақ ауданға газеттің  таратылуына жауапты "Қазпошта" мекемесінің жұмысына көңілі толмайтындығын, газеттердің уақытында келмейтіндігін айтып, аудан әкімдігі тарапынан оң шешім табатындығына сенім білдірді.

Есеп беру жиынында аудандық мәслихат хатшысы Қ.Сүйеуғалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Карменов және бірқатар бөлім басшылары болды.

Маралбек Амантаев,

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Үміт Шурина

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале