26.01.2021, 16:35
Оқылды: 47

Сырымдық еңбек ардагерін құттықтады

Сырымдық Файна Ахметзиянова ұзақ жылдар бойы аудандық білім беру бөлімі, суландыру жүйесі мекемесі, аудан әкімдігінде бас бухгалтерлік салада жемісті қызмет атқарған.

ФАЙНА АПА ЖАСТА (2)

Аудан әкімдігінен зейнеткерлік демалысқа шыққан Файна Минзиянқызы бүгінде ұрпақтары мен жиендерінің қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешіп отырған әже.
Жастарға ақылшы әже, көпті көрген көнекөз жан Файна Ахметзиянованы мерейлі 80 жасқа толуына орай арнайы құттықтауға барған аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш жылы тілегін білдіріп, аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің атынан игі тілек жазылған құттықтау хат тапсырып, камзол кигізіп, иығына шарқат ілді.

ФАЙНА АПА ЖАСТА (3)

Сондай-ақ мерейтой иесіне арнайы жылы лебіздерін арнап Жымпиты ауылдық округінің әкімі М.Қайырғалиев, ардагерлер Ә.Ғалымов, Ғ.Қаналиев, З.Бисекенов сөз сөйледі.
Еңбек ардагері Ф.Ахметзиянова мерейтойына орай құттықтау лебіздерін арнаған ел азаматтарына аналық алғысын айтып, ақ батасын берді.

«Syrym eli»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале