Жәнібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек, аудан әкімі Азамат Сафималиевтың 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №65 өкіміне сәйкес «2020-2021 жылдардың мал қыстату науқанын ұйымшылдықпен өткізу туралы» аудандық штаб құрылған. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке тұрғындардың мал азығына сараптама жасалған.
-Аудан бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 115 мал қыстату орнында 46537 бас ірі қара, 65005 қой-ешкі, 16713 бас жылқы және 103 бас түйе қыстаққа кірді. Қаңтардың 14-індегі жағдай бойынша аудандағы мал азығының көлемі 84585 тоннаны құрайды. Сонымен қатар 2012 тонна құрама жем жасақталды. Қазіргі таңда 66 мал қыстату орнында мал қыстаққа тұрды. Қылқұйрықтылар тебінде жүр. Қыстақтарда мал азығының қоры жеткілікті. Малдан шығын жоқ. Аудандағы 115 мал қыстағымен жол қатынасы бар, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашев.
Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz