Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап.Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адам (бұдан әрі – зардап шегуші) – басқа адамның тарапынан күш көрсету, сексуалдық, психологиялық немесе экономикалық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жеке тұлға;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам (бұдан әрі – құқық бұзушы) – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасаймен деп қорқыту арқылы немесе жасаған басқа адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзатын адам;
3) отбасы мүшелері – некеде, туыстық немесе жекжат адамдар, асырап алу нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық қатынастағы немесе өзге нысанда тәрбиелеуге қабылдаған адамдар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, некесі тіркейтін органдарда тіркелмеген адамдар және олардың отбасы мүшелері;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның (адамдардың) отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында басқа адамға (адамдарға) қатысты күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық келтіру қаупінқамтитын немесе келтірілген қасақана құқыққа қарсы іс-әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі);
5) күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып және денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру;
6) психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намыс пен абыройды төмендету.
7) сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер.
8) экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңда көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру;
9) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілері – тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.
10) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, жоюға, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу, оны тоқтату мақсатында адамдарға көмек көрсетуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық, ақпараттық және өзге де сипаттағы арнайы шаралар жүйесі;
11) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу – зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған кезде осы қауіпті жою мақсатында жүзеге асырылатын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі субъектілердің тарапынан дереу ден қою, кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда оның (олардың) қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың жалғасуына әкелетін адамдардың заңсыз қайталанатын және жүйелі әрекеттерін болдырмау;
12) қорғау нұсқамасы – зардап шегушіге мемлекеттік қорғауды ұсынатын және осы Заңда айқындалған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға ықпал ету шараларын қолдануға әкеп соғатын құжат;
13) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – жәбірленушілерге осы Заңға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
14) уақытша баспана (бұдан әрі – Дағдарыс орталығы) – зардап шегушінің кәмелетке толмаған балаларымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық, психологиялық, әлеуметтік, құқықтық, педагогикалық және өзге де көмекті көрсете отырып, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын уақытша болатын және тұратын орын болып табылады;
15) моральдық залал – қорлауға, қорқуға, зорлық-зомбылыққа қарсы тұра алмайтын қабілетсіздікке, бөлініп қалуды сезінуге және осыған ұқсас сипаттағы басқа да салдарларға жетелейтін дене және/немесе психикалық қасірет келтіру;
16) материалдық залал – отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста зорлық-зомбылықтың кез келген түрімен келтірілген қаржылай/ақшалай мәнде бағалануы немесе есептелуі мүмкін материалдық зиян, сондай-ақ
отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын қарау жөніндегі шығындар;
17) медициналық психологиялық түзету бағдарламасы (бұдан әрі – психологиялық түзету бағдарламасы) – жеке тұлғалардың жат мінез-құлқының түрлерін зорлық-зомбылықты қолданбай, қоршаған әлеммен тиімді өзара іс-қимыл әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру және бекіту арқылы түзету. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның агрессивті мінез-құлқын өзгерту. Эмоционалды шиеленісті азайту, лайықты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, серіктесінің құқықтарына қысым жасамай, өзінің сезімдерін ашық білдірудің орын алуына жағдай жасау, ашуды және абыржуды өршітетін жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларына үйрету;
18) статистикалық мониторинг –тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының сандық және сапалық сипаттамаларын, мүдделі мемлекеттік органдар қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды, зардап шегуші адамдар мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдар туралы әлеуметтік-демографиялық ақпаратты және өзге де статистикалық деректерді көрсететін гендерлік-бөлінген көрсеткіштер жүйесі.
19) Қазақстан Республикасындағыотбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды талдауды және осы саланы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заңның әрекеті Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.
4-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін олардың құқықтық теңдігін тану арқылы күш қолдану және психологиялық қолсұқпаушылықтан қорғаудың заңнамалық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру және олардың өзара іс-қимыл жасауының тиімді жүйесін құру;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға көмек көрсету және әлеуметтік бейімдеу саласында кешенді тәсілдерді әзірлеу;
4) құқық бұзушылардың мінез-құлқын психологиялық түзетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ету, оларды әлеуметтік оңалту.
5-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адам құқықтары және гендерлік теңдік саласындағы заңнаманы және халықаралық стандарттарды сақтау;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға кепілдік беру;
3) адамға күш қолдануға және(немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа іс-қимыл бойынша профилактика субъектілерінің тарапынан отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге құрметпен, әділ және адамгершілікпен қарау;
5) уәкілетті мемлекеттік органдардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға азаматтардың құқықтарының сақталуы үшін жауаптылығы;
6) отбасыны қолдау және сақтау;
7) құпиялылық;
8) өмірлікқиын жағдайда жүрген әрбір адамға жеке қарау;
9) кешендік пен жүйелілік;
10) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалаудан басымдығы;
11) адамның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді болғызбау.
6-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүйесі мен әдістері
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасасу себептерін мониторингілеу, талдау және бағалау;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтаудың және жолын кесудің тиімді әдістерін енгізу;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасасу бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау;
4) статистикалық есеп пен есептілікті жүргізу;
5) зардап шегушіге көмек көрсету және оның құқықтарын қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен келтірілген зиянныңорнын толтыруды қамтамасыз ету;
6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тиісінше тергеп-тексеру, кінәлі адамдарды жауапқа тарту;
7) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі субъектілердің өзара іс-қимыл жасауы арқылы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне тиімді ден қою;
8) қоғамда мінез-құлықтың зорлық-зомбылық модельдеріне төзбеушілік қатынасты, зардап шегушілерге бей-жай қарамауды қалыптастыру;
9) азаматтық қоғамды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке тарту.
2-тарау. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері
7-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілері
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық мемлекеттік органдар;
2) жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде өкілеттіктеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру кіретін олардың құрылымдық бөлімшелері;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер жатады;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы баяндаманы енгізеді;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттігін айқындайды;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимыл жасасуын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
5) Конституцияда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Отбасы мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Отбасы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың басқа субъектілерімен қызметті үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасайды;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесінің тиімділігін жинауды, қорытуды және талдауды жүзеге асырады, бағалауды жүргізеді;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметіне мониторингті жүзеге асырады және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдарды жолдайды;
5) Қазақстан Республикасындағыотбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманы дайындайды;
6) жергілікті атқарушы органдарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шараларды қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
7) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жағдай жасайтын факторларды жинау, өңдеу, қорыту және бағалау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
8) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне әдістемелік, ақпараттық, консультативтік және ұйымдастырушылық көмекті ұсынады;
9) халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
10) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ақпаратқа, оның ішінде оны өзінің сайтында орналастыру арқылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
11) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ақпараттық және ағартушылық қызметті жүзеге асырады;
12) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ғылыми және өзге де зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктер мен шараларды жүзеге асырады.
10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе оларды жасауға қауіп туралы арыздар мен хабарламаларды оқиға орнына барып қарайды, олардың жолын кесу жөнінде шаралар қабылдайды;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасауға бейім адамдарды, өмірлікқиын жағдайда жүрген, сондай-ақотбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккенадамдарды (отбасыларды) анықтайды;
4) балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісті түрде орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді жасайтын ата-аналарды немесе оларды алмастыратын адамдарды анықтайды;
5) балаларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға кәмелетке толмағандарға қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың анықталған фактілері туралы хабарлайды;
6) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдардың профилактикалық есебін жүргізеді, профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
7) зардап шегушінің өтініші бойынша оны медициналық куәландыруға, сот-медициналық сараптамаға жібереді;
8) зардап шегушінің өтініші бойынша оны көмек көрсету жөніндегі ұйымға немесе денсаулық сақтау ұйымына жібереді;
9) зардап шегушіге оның құқықтарын, жеке қорғау шараларын ұсыну, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды жауапқа тарту тәртібін түсіндіреді;
10) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы хабар келіп түскен кезде полиция органына – жәбірленуші, зорлық-зомбылықтың куәсі немесе басқа жеке не заңды тұлға жүгінгені қарамастан, оқиға орнына дереу келуге міндетті;
11) зардап шегушінің өтініші бойынша немесе кезек күттірмейтін жағдайда оны медициналық мекемеге жеткізуді қамтамасыз етеді;
12) зардап шегушінің өтініші бойынша немесе кезек күттірмейтін жағдайда зардап шегушіні немесе (және) кәмелетке толмаған адамды Дағдарыс орталығына жеткізуді жүзеге асырады;
13) профилактикалық әңгіме жүргізеді;
14) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізеді;
15) қорғау нұсқамасын шығарады;
16) сот алдында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтінішхат береді;
17) қорғау нұсқамасы талаптарының және ерекше талаптардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;
18) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағанжәне профилактикалық есепте тұратын адамдардыңпсихологиялық түзету бағдарламасынан өтуі үшін медициналық мекемеге келуін қамтамасыз етеді;
19) әкімшілік ұстауды жүргізеді;
20) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
21) қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын қолданады;
22) жәбірленуші қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларын қолданады;
23)халықпен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы профилактикалық, ақпараттық-құқықтық жұмысты жүргізеді;
24) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
25) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның және ұйымдардың құзыреті
1) білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттіліктеріне мониторинг жүргізуді және талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасын бекітеді;
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушылар мен тәрбиеленушілерді есепке алуды және олардың мониторингін қамтамасыз етеді;
2) құқық қорғау органдарына және басқа уәкілетті органдарға қолайсыздықтың және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың анықталған фактілері, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушылар мен тәрбиеленушілер және отбасылық-тұрмыстық
зорлық-зомбылықтан медициналық көмекке жүгінген адамдар туралы хабарлайды;
3) ата-аналар мен балаларға арналған отбасылық-тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тәрбие бағдарламаларын іске асырады;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен оқушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық оңалтуды ұйымдастырады;
5) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша біліктілікті арттыруды ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және ұйымдардың құзыреті
1) зорлық-зомбылық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға арналған медициналық психологиялық түзету бағдарламаларын әзірлейді бекітеді;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
4) денсаулық сақтау ұйымдарының зардап шеккендерге және
отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметін үйлестіреді;
5) денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері үшін
отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилатикасы мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын бекітеді.
1) зардап шеккендерге және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға емдеу-профилактикалық және оңалту көмегін көрсетеді;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға медициналық психологиялық түзету бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) психикалық және мінез-құлықтың, оның ішінде психологиялық белсенді заттарды пайдалану салдарынан бұзылуының дамуы жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізеді;
4) денсаулыққа келтірілген зиянға куәландыруды жүргізеді;
5) құқық қорғау органдарына және басқа уәкілетті органдарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың анықталған фактілері туралы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан медициналық көмекке жүгінген адамдар туралы хабарлайды;
6) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарды есепке алуды және мониторингін қамтамасыз етеді;
7) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша біліктілікті арттыруды ұйымдастырады;
8) жүктелген өкілеттіктер шеңберінде өзге де функцияларды орындайды.
13-бап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның және ұйымдардың құзыреті
1) өмірлік қиын жағдайда немесе оның болу қаупі ықтимал жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) мониторингтеу өлшем шарттарын және қолдау қызметін бағалауды әзірлейді;
2) өмірлік қиын жағдайда немесе оның болу қаупі ықтимал жағдайда жүрген адамдарды (отбасыларды) қолдаудың операциялық рәсімдер стандарттарын және әдістемесін бекітеді;
3) өмірлік қиын жағдайда, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктерді есептеу әдістемесін әзірлейді;
4) отбасының қолайсыздық факторларын жинау және жүйелі мониторингтеу тәртібін әзірлейді;
5) зардап шегушіге немесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді.
1) заңнамада белгіленген тәртіпте зардап шегуші деп танылған өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынады;
2) зардап шегушіге арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға олардың құқықтары туралы, уәкілетті органдар және әлеуметтік қызметтердің инфрақұрылымы туралы ақпарат береді;
3) өмірлік қиын жағдайда немесе оның болу қаупі ықтимал жағдайда жүрген, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды (отбасыларды) анықтайды;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдардың арнуалыәлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қажеттіліктеріне мониторинг және талдау жүргізеді;
5) адамдарды (отбасыларды) қолдайды және өмірлік қиын жағдайдан шығарады;
6) халыққа өмірлік қиын жағдай болуының ықтимал қауіптері және оларды болдырмау жөнінде қабылданатынмемлекеттік шаралар туралы хабарлайды;
7) зардап шеккендерге кепілдендірілген жеңілдіктердің көлемі, арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері, оларды алу тәсілдері, осы елді мекенде арнуалы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бар-жоғы туралы хабардар етеді;
8) құқық қорғау органдарына және басқа уәкілетті органдарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың анықталған фактілері және арнуалы әлеуметтік қызметтержүгінген зардап шегушілер туралы хабарлайды;
9) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын басқа да субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;
10) әлеуметтік қызметкерлердің отбасылық қолайсыздықты анықтау және профилактикасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Әділет органдарының құзыреті
Әділет органдары:
1) зардап шегушіге мемлекет кепіл берген заң көмегі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес консультативтік-құқықтық көмек, сондай-ақ білікті заң көмегін көрсетеді;
2) мемлекеттік органдардың халықтың құқықтық мәдени деңгейін арттыруға, заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған құқықтық насихатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
3) құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарға оларға белгілі болған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлайды;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның құзыреті
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа іс-қимыл субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
2) жұртшылықтың сана-сезімінде зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарын қабылдамауды қалыптастыру мақсатында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін жариялайды;
3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзінің қызметі туралы ақпарат ұсынады;
4) өзінің редакциялық саясатында гендерлік кемсітушілік пен зорлық-зомбылықты насихаттауды болдырмауды қамтамасыз етеді;
5) бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін жариялау бойынша біліктілігін арттыру жөнінде бағдарламалар әзірлейді;
16-бап. Үкіметтік емес ұйымдармен өзараіс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті орган:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
3) халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға қатысады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган:
1) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуға жәрдемдеседі;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары бойынша ағартушылық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
18-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысады;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шығыстар бөлігінде жергілікті бюджеттерді бекітеді және орындалуын бақылайды;
3) жылына кемінде бір рет жергілікті атқарушы органдар басшыларының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстардың іске асырылу барысы туралы есептерін тыңдайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі субъектілердің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) әлеуметтік қолайсыздықты және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты жүйелі мониторингтеу, талдау және болжау негізінде бюджетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған адамдарды әлеуметтік оңалту жөніндегіқажеттілікті айқындайды және ұйымдарды құрады;
5) халық арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ағартушылық және түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуды ұйымдастырады;
7) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды және жағдайы нашар отбасыларды анықтайды және олардың есебін жүргізеді;
8) халық арасындаотбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша ағартушылық және түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
19-бап. Прокуратура органдарының құзыреті
20-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құзыреті
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия:
1) отбасына қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, отбасында зорлық-зомбылықты жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
3) жергілікті атқарушы органдарға отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ұсыныстаренгізеді;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бағдарламалық құжаттар әзірлеуге қатысады;
5) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және зардап шегушілерді оңалту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
6) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл функциялары берілген органдар мен ұйымдар басшыларының олар жүргізіп отырған жұмыс туралы есептерін тыңдайды.
21-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар
1) зардап шеккендерді қабылдауды жүзеге асырады;
2) зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастырады;
3) мүмкіндіктеріне сәйкес зардап шеккендерге уақытша тұрғын үй береді;
4) зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олардың мүддесінде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына кепілдендірілген көлемнен тыс ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген және (немесе) қосымша көлемін беру туралы өтінішпен жүгінеді;
5) отбасы мүшелеріне, зардап шегушінің туыстарына және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға консультация береді және олармен оқытатын іс-шараларөткізеді;
6) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын өткізеді;
7) құқық қорғау органдарына және басқа уәкілетті органдарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың анықталған фактілері және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көмек көрсету үшін жүгінген адамдар туралы хабарлайды;
8) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
9) уәкілетті мемлекеттік органдардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырыстарына тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау кезінде қатысады;
10) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану практикасы бойынша ұсыныстар енгізеді;
11) уәкілетті мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызмет туралы ақпаратты сұратады және алады;
13) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми, социологиялық зерттеулер жүргізеді;
14) зардап шеккендермен және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен жұмыс істеу жөніндегі мамандарды оқытатын іс-шаралар, тәлімгерлікті және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады;
15) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмысын жүргізеді және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырады.
22-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауы
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілері өз құзыреті шегінде:
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша келісілген шаралары қабылдау және іске асыру арқылы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
2) қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа мүдделі адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен жедел рәсімдердің стандарттарына сәйкес зардап шеккендерге кешенді көмек көрсетеді;
4) жергілікті атқарушы органдарға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөнінде ұсыныстар енгізеді.
3-тарау. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру
23-бап. Отбасындағы зорлық-зомбылық қаупін немесе фактісін сәйкестендіру
24-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы
іс-қимыл шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
25-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасының шараларын қабылдау үшін негіздер
1) зардап шегушінің немесе отбасының басқа мүшесінің арызы немесе хабары;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе оны жасаудың шынайы қаупі туралы белгілі болған жеке және заңды тұлғалардың хабарлары;
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
4) ішкі істер органы қызметкерінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау не оны жасауға әрекет ету фактісін тікелей табуы;
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, Интернет-ресурстардағы, әлеуметтік желілердегі ақпарат.
26-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасыныңшаралары
1) профилактикалық әңгіме;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін ішкі істер органдарына жеткізу;
3) қорғау нұсқамасы;
4) әкімшілік ұстау;
5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралар;
6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
7) әкімшілік өндіріп алу;
8) ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қамқоршылар мен қорғаншыларды өздерінің міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронат тәрбиешіге беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
9) процестік мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте зардап шегушілердің қауіпсіздік шаралары;
10) соттың үкімі бойынша қабылданатын шаралар.
27-бап. Профилактикалық әңгімелесу
Арнайы бланктің нысанын, профилактикалық әңгімелесу өткізу тәртібін ішкі істер органдары әзірлейді және бекітеді.
28-бап. Қорғау нұсқамасы
Қорғау нұсқамасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы жазба жасалады.
Қорғау нұсқамасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол туралы жазба жасалады.
29-бап. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі және оны ұзарту негіздері
Зорлық-зомбылықты қайта жасау қаупі сақталған жағдайда зардап шегушінің өтініші бойынша қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
30-бап. Зардап шегушіні жеке қорғау шараларының күшін жою
31-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу
1) зардап шегушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы, электрондық тәсілмен сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) алкогольдік ішімдіктерді, сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуға тыйым салынуы мүмкін.
Жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын да қолдануға құқылы.
32-бап. Әкімшілік ұстау
33-бап. Қылмыстық процестегі процестік мәжбүрлеу және қауіпсіздік шаралары
34-бап. Профилактикалық есепке алу және профилактикалық есептен шығару
4-тарау. Кәмелетке толмағандарға қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру ерекшеліктері
35-бап. Кәмелетке толмағандарды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі іс-шаралар
Кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымның әкімшілігі кәмелетке толмағанды орналастырған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлайды, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарына одан әрі күтіп-бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін материалдар ұсынады.
Қажетті мәліметтерге ие адамдардан жауап алынады, қажет болған жағдайда зардап шеккен кәмелетке толмаған қамқоршылық және қорғаншылық органдары өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
36-бап. Кәмелетке толмағанға қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
5-тарау. Зардап шегушінің қорғау құқықтары мен кепілдері, құқық бұзушыларды әлеуметтік оңалту
37-бап. Зардап шегушінің құқықтары
1) ары мен намысын құрметтеуге, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыратын субъектілердің тарапынан мұқият және ізгі қарым-қатынасқа;
2) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыратын субъектілерден оған түсінікті тілде, өздерінің құқықтары, медициналық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және заң және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көмек туралы қолжетімді нысанда толық және жан-жақты ақпарат алуға;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасау фактілерін қарауға байланысты қабылдауға, уақтылы консультация және ақпарат алуға;
4) Интернет-ресурстар, мобильді байланыс, мессенджерлер, СМС арқылы ауызша, сондай-ақ жеке өзі немесе өзінің өкілі арқылы жасалған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе оны жасау қаупі фактісі туралы арық беру арқылы хабардар етуге;
5)ішкі істер органдарына қорғау нұсқамасын шығару туралы өтінішпен жүгінуге және сотқа өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы арыз беруге;
6) құқық бұзушы шығарылған қорғау нұсқамасының немесе ерекше талаптардың шарттарын бұзған жағдайда ден қою шараларын талап ете отырып, сотқа арыз беруге;
7) сотқа құқық бұзушыға қатысты жасалған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауырлығын ескере отырып, әкімшілік өндіріп алуды немесе қылмыстық жазалауды қолдану туралы талаппен арыз беруге;
8) Дағдарысорталығына орналастыруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен онда ұсынылатын қызметтерді пайдалануға;
9) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамнан отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруға;
10) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде келтірілген залал үшін мемлекеттен «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржылық өтемақы алуға;
11) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыратын субъектілерге белгілі болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына және дербес деректерді қорғауға;
12) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамада, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге құқықтарға құқығы бар.
38-бап. Зардап шегушіге көмек көрсету және оны қорғау
1) зардап шегушілерге олардың құқықтары мен осындай құқықтарды іске асыру мүмкіндіктері туралы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл функциялары берілген органдар мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар туралы ақпарат ұсыну;
2) зардап шегушінің медициналық, әлеуметтік, психологиялық, заң, педагогикалық және өзге де көмек алу үшін жалпы және мамандандырылған қолдау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы мәлімдеген адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда Дағдарыс орталығына орналастыру;
4) зардап шегушінің сот төрелігіне және заңгерлік қорғаудың басқа да тетіктеріне, оның ішінде заңнамада көзделген тәртіппен ақысыз құқықтық көмек ұсыну арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету;
5) зардап шегушіні оның өтініші бойынша тиісті медициналық немесе өзге де мамандандырылған мекемеге қарап-тексеруге жіберу. Егер зардап шегуші кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адам болса, онда қарап-тексеруге жіберу міндетті болып табылады.
Ішкі істер органдарының лауазымды адамы зардап шегушімен әңгімелесу туралы хаттама жасайды. Хаттамада сотталғанға зардап шегушінің қатынасы, жазасын өтеу кезеңінде сотталғанның зардап шегушіге қатынасы және зардап шегушіге қатысты зорлық-зомбылықты қайта жасау қаупін бағалау үшін маңызды болуы мүмкін басқа да ақпарат көрсетіледі.
39-бап. Зардап шегушілерге көмекті жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау
Зардап шегушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және жариялауға жатпайды. Қызметтік жағдайға орайотбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі белгілі болған адамның құпия ақпаратты жариялауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
40-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау салдарынан келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның орнын толтыру
41-бап. Құқық бұзушылардың мінез-құлқын медициналық және психологиялық түзету шаралары
6-тарау. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және оған қарсы іс-қимыл саласындағы статистикалық есеп және есептілік
42-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың статистикалық есебі
1) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ұсынатын құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтілігіне, дұрыстығына және жеткіліктігіне бақылау мен қадағалауды;
2) ақпаратты жинауды, өңдеуді, толықтыруды, жинақтауды және жаңартып отыруды;
3) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шекте, көлемдерде және мерзімдерде құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәліметтерімен қамтамасыз етуді;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы статистикалық ақпаратты ресми сайтта орналастыру, статистикалық жинақтар, жарияланымдар, бюллетендер мен шолулар шығару арқылы таратуды және жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
43-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың статистикалық мониторингі
7-тарау. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және оған қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету
44-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға байланысты шығыстарды қаржыландыру
45-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және гранттар ұсыну
Зардап шегушілерге көмек көрсетуге және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған іс-шараларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар ұсыну арқылы қаржыландырылады.
8-тарау. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау
46-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бақылау
47-бап. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылау
48-бап. Адамдардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамағаны үшін жауаптылығы
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
49-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі және заңнамалық актінің күші жойылды деп тану
Қазақстан Республикасының Президенті