28.01.2021, 17:02
Оқылды: 27

Асыраушысынан айырылған жағдайда...

Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?

6DC6E2AD-A8C4-47BC-AFEB-8FB49602D4F3

- Әрине, ең алдымен ХҚО-ға кезекті  алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;

- Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;

- ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:

- Жеке куәлік.

- Балалардың туу туралы куәліктері.

- Отбасы асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік.

- Егер жоғары оқу орнында оқитын балаларыңыз болса,  оқу орнынан анықтама.

- Әлеуметтік төлемдер түсуі үшін банк есепшоты жайлы құжат.

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 8 жұмыс күні.

Ескеретін жайт, бұл әлеуметтік төлем жоғары оқу орнында оқитын балалар 23 жасқа толғанға дейін оқу орнынан жыл сайын анықтама ұсынылған кезде ғана төленеді. Ал жоғары оқу орнына түспеген балалар үшін төлем 18 жаста тоқтатылады.

Әлеуметтік төлем мөлшері отбасындағы бала саны, балалардың тұл жетім қалуларына байланысты және қайтыс болған адамның мәртебесіне (ҰОС ардагері, әскери қызметкер) қарай анықталады.

"Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ БҚО филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале