29.01.2021, 15:18
Оқылды: 93

Казталовта атбегілік өнер дәріптелді

Қазақ даласында сан ғасырлар бойы аттың дүбірі толастаған емес. Жылқы шіркін, қазақтың бағына біткен киелі жануар десек, артық айтпаған болар едік.

IMG_1060

Бүгін 29 қаңтар күні жеті қазынаның бірі, Ойсылқара түлігі жылқы мен атбегілік өнер дәріптелді. Оған ауданның белсенді жастары куә. Ашық аспан астында Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның жастарға ұлттық өнеріміз бен рухани құндылығымызды дәріптеуде орны ерекше болды. Жылқының жас ерекшеліктері мен атқа міну тәсілдерін, киелі жануардың құпия сырларын паш еткен шараның қонағы – облысымызға, қала берді, елімізге белгілі атбегі, ат спортынан шәкірт тәрбиелеп жүрген Жоламан Есетов болды.

IMG_1074

Жоламан Есетұлы «әр қазақ баласы аттың құлағында ойнай білу керек», - деп атбегілік өнермен қатар аңшылық дәстүрін де үйретіп, тазыларын да таныстырды.

Жастар да өздерінің тарапынан сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

IMG_1110

Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Аңсар Ибраев Жоламан Есетұлына аудан жастары атынан ризашылығын білдірді.

Атаулы шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале