1.02.2021, 17:39
Оқылды: 37

Көлік өрті көбеюде

Статистикалық деректерге сүйенсек, соңғы жылдары көліктерде орын алатын өрттердің саны күрт өскен. Ал олардың салдары жол-көлік оқиғаларынан кем түспейтіні анық. Облыс орталығындағы көлік санының күрт өсуіне байланысты орын алатын өрт саны да артып келеді.

7795259B-E772-4709-886F-0500B79C6288

Биылғы жыл басталғалы бері облыс аумағында көліктегі алты өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде тек бір ғана оқиға есепке алынған екен.

Өрт оқиғалары көбіне жеке көліктерде орын алуда. Аутокөліктегі өрттердің негізгі себебі – электр сымдары мен электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы, отын жүйесінің ақаулығы, сондай-ақ ашық от көзін пайдаланудан болады.

Қазіргі заманғы аутокөліктерді құрастыруға пайдаланылатын бөлшектердің oтқа қарсы тұру қасиеті өте төмен. Соның салдарынан көлік бірнеше минут ішінде толығымен өртеніп кетуге бейім келуде.

Егер сіздің көлігіңіз қозғалыс кезінде өртенсе, онда көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз, қол тежегішіне қоюды ұмытпай, көліктен шығыңыз. Сонымен қатар егер зардап шеккендер болса, оларға көлік салонынан шығуға және қауіпсіз қашықтыққа кетуге көмектесіңіз, өрт сөндіргішті қолданып, жалынды сөндіріп көріңіз. Содан  соң жолға белгі қойып, телефон арқылы немесе өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері арқылы көмекке шақырыңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – төтенше жағдайларда сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі екендігін де естен шығармаңыз.

БҚО ТЖД-ның мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале