1.02.2021, 18:48
Оқылды: 27

Шыңғырлауда сақтық шаралары күшейтілді

Шыңғырлау ауданының орталығында карантин шаралары күшейтілді. Тұрғындар арасында сақтық шараларын қатаң ұстану туралы түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

сауда

«Инфекцияның таралуын болдырмау – қазіргі таңда әрбір адамның басты мақсатының біріне айналуы тиіс», - дейді мониторингтік топтың мүшесі Айболат Олжағалиев.

Әсіресе, сауда-саттық орындары, көпшілік жиі жиналатын жерлерді үнемі қадағалау да мониторингтік топтың назарында.

Жақында ғана оздырылған кезекті рейд жұмыстары аудан орталығындағы «Табын» дүкені, «Олжа», «Патриот», «Сарқырама», «Астана» супермаркет нысандарында өткізіліп,  аталмыш орындарда жеке кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау нормалары тексерілді.

Сонымен қатар топ мүшелері ауданымыздағы дәріханаларға да бас сұғып, олардың жұмыстарын бағамдады.

Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлік нысандары иелерін, барлығы 30 нысанды 2021 жылдың 19 қаңтарындағы аудандық бас санитарлық дәрігердің  №8 қаулысымен таныстырып, сақтық талаптарын қатаң сақтау туралы ескертті.

Мониторинг барысында өрескел талап бұзушылықтар байқалмаған, заң талаптарын, сақтық ережелерін бұзу тіркелмеген.

А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале