4.02.2021, 9:24
Оқылды: 73

Бәйтеректе күйшілер байқауы өтті

Жуырда Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінде күй анасы Дина Нүрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай  «Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты жас күйшілер байқауы өтті.

дина

Талантты күйшілерді анықтау мен олардың шеберлігін шыңдауына ықпал ету, жас орындаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін көтермелеу, өскелең ұрпақтың күй өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен байқауға 9 өнерпаз қатысты. Тыңдарман қауым мен әділ қазылардың құлақ құрышын қандырған өнер додасында Дина анамыз бен Құрманғазы бабамыздың күйлері орындалды.

Байқау қорытындысында ІІІ орын переметныйлық Руслан Ешмұқан мен дарияндық Ақбота және Мереке Ашироваға, ІІ орын мичуриндік Қанат Құсан мен дарияндық өрен Марат Қуанышқа бұйырса, І орынды Дариян саз мектебінің оқушысы Нұрдәулет Мұхамбет қанжығасына байлады.

Сондай-ақ өнер додасында көптің көңілінен шығып, өнер көрсеткен Асан ауылының өнерпазы Нұрай Саргузиева, чувашкалық Ернар Тарғын мен белестік Гүлім Шамаровалар алғыс хаттармен марапатталды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале