4.02.2021, 16:53
Оқылды: 38

Жәнібек ауданы әкімі есеп беруде

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев тұрғындар алдында есеп беруде. Дәстүрлі есептік кездесу биыл пандемияға байланысты өзгеше форматта өтті. Тұрғындардың қойылған сауалы мен ұсыныс-пікірлері әлеуметтік желілер мен электрондық пошта арқылы қойылды.

FE7A3F35-6409-4DF1-9690-0787EFDBC693

Мәселен, Жәмиға Мұханбетова нанның бағасы салмағына сәйкес келмейді, дүкендерде тауарлардың бағасы көрсетілмеген, тауардың салмағын өлшейтін таразылар тексерістен өтпеген, дүкендердің жұмыс уақыты сақталмағаны туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі мен саниатриялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қадағалауға алса деген ұсынысын жеткізді.

2C638CE5-6A03-42DB-B376-336B22803DB6

Ержан есімді ауыл тұрғыны «Жәнібек» шекара өткізу бекетінің жағдайы Ресеймен салыстыруға келмейді, шекара өткізу бекеті қай уақытта жөндеуден өтеді деген сауалын қойды. Сондай-ақ ауыл тұрғыны Біржан Қадешов Жәнібек ауылының солтүстігінен жер алып, үй салып алған. Қазіргі таңда сол жерде мекен етуде. Оның қойған сауалы - жол мен тротуар салу. Себебі тұрғындардың көбі дерлік үйлерін сала алмай, балалардың мектепке және балабақшаға баруы қиынға соғып отыр. Сол сияқты аудандық «Қазпошта» байланыс торабының банкоматтары жиі істен шығады. Басқа банктердің банкоматтары қойылады ма деген сауалын Гүлнар есімді әлеуметтік желі пайдаланушысы қойды. Арман деген азамат аудан орталығында былтырдан бері салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешені қашан пайдалануға берілетінін сұрады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале