4.02.2021, 17:37
Оқылды: 39

2535 гектар арнайы жер қорына қайтарылды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі тұрғындар алдында есеп беруде. Есептік кездесуде баяндама жасаған Азамат Сафималиұлы ауданда атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

657DC57E-A5F1-4218-8619-B2DE95426F6A

-Жәнібек ауданындағы шаруа қожалықтарының саны 2021 жылдың 1 қаңтарына 366 болды. Жайылымдық жер көлемі 389 мың гектар болса, ағымдағы жылы пайдаланудағы жайылымдық жер көлемі 398,5 мың гектарды құрады.

Аудан бойынша конкурстар ұйымдастырылып, аудан көлемінде 35 жер телімі ұсынылды. Конкурстың нәтижесінде 33,2 мың гектар жер телімі айналымға енгізілді. Атап айтқанда жаңадан 4 шаруа қожалығы ашылып, оны жүргізу мақсатында 7136 гектар жайылымдық жер телімі және 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2808 гектар егістік жер телімі берілді.

Сонымен қатар шаруа қожалықтарының жұмысын жандандыру бағытында қосымша 24 шаруа қожалығына 26 мың 400 гектар жайылымдық жер учаскесі берілді. Күні бүгінге 4 шаруа қожалығы және 1 ЖШС иелері тарапынан жер учаскесін кері тапсыру жөнінде жазған өтініштері қаралып, ауданның арнайы жер қоры есебіне 2535 гектар қайтарылды, - деді аудан басшысы. 

 Г. Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале