Мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша егудің негізгі кепілі – суару мәселесіне тікелей байланысты. Ауданда 46 тоған мен бөгет бар. 2020 жылы аудандық қаражат есебінен және демеушілік көмек арқылы алты бөгет кеңейтіліп терендетілсе, биылғы жылы Ақтау ауылындағы дамбаны қайта құру жұмыстарын аяқтап, 7 бөгетті жөндеу жоспарлануда.
Тасқала ауылының оңтүстік батыс бағытында орналасқан дамбаға қайта құру жұмыстарын жүргізу мәселесі былтырдан бері көтеріліп келеді. Аталған бөгеттің жөнделуі көктем кезінде 1 млн текше метрге жуық еріген қар суын Тасқала ауылына кіргізбей ұстап қалуға, жаз мезгілінде мал суаруға және құс шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бөгеттің ауыл деңгейінен 10 м биіктікте орналасуынан пайда болған табиғи қысыммен жиналған суды құбырлар арқылы ауылға жеткізіп, бақша суаруға пайдалануға болады.
- Аудан бойынша шешімін таппай келетін мәселенің бірі – Жайықбай каналын жөндеу. Канал бойында 50 ауыл шаруашылығы құрылымдарына жер телімдері бөлінген. Жайықбай каналын қалпына келтіру мал, құс, балық шаруашылығын кеңінен дамытуға, 812 га суармалы жерлерге су жіберуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде дайындалатын мал қорымы мөлшерін арттыруға септігін тигізеді. Биылғы жылы Жайықбай каналына 2 млн.текше метр су беруге келісім шарт жасалды. 2020 жылы егілген егіс көлемі 37,4 мың га құрады. Биылғы жылы егіс көлемін 40 мың га жеткізуді, болашақта мақсатты пайдаланбайтын егістік жерлерді қайтару арқылы 60 мың га жеткізуді көздеп отырмыз. 1970 жылдары ауданда егіс көлемі 120 мың гектар құраған. Түпкілікті мақсат егіс көлемін осыған жеткізу. Казіргі кезде кәсіпкерлер Тасқала элеваторын толық қуаттылығымен іске қосуды қолға алды. Былтырдын өзіңде элеваторда 48 адам жұмыспен қамтылды. Биылғы жылы тәуілігіне 2 мың дана нан өндіру қуаттылығымен наубайхананы іске қосу көзделсе, болашақта диірмен және макарон өнімдерін өндіретін цех ашу жоспарда бар.
Сонымен қатар, ауданда күнбағыс майын өндіретін цех ашу бағытында жұмыстанудамыз. Осы орайда, биылғы жылы ауданда күнбағыс егіс көлемін үш есе ұлғайтып, 6 мың га дейін жеткізу жоспарда бар. Егін шаруашылығын дамыту мақсатында агроқұрылымдармен соңғы екі жылда 2 млрд 690 млн. теңгеге 2 егістік кешен, 12 комбайн, 44 трактор мен 74 бірлік ауыл шаруашылығы техникалық құрал-жабдықтарын сатып алды. Жалпы есепті кезеңде аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне 2 конкурс өткізіліп, көлемі 54,3 мың га құрайтын 45 жер учаскесі пайдалануға берілді. Коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне 4 аукцион ұйымдастырылып, көлемі 32,4 га құрайтын 10 жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді. 2019-2020 жылдары аудан аумағында 182 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 18,2 мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, 119,8 мың га жер учаскелерін игеруге кірісті, - деп атап өтті аудан әкімі Алдияр Халелов өз сөзінде.
Темірболат Тоқмамбетов,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz