10.02.2021, 18:29
Оқылды: 112

Тасқалада 19 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған

«Біз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру арқылы лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алу, селекциялық асылдандыру жұмыстарына қатысу арқылы мемлекеттік қолдауға ие болып, мал басын асылдандыру арқылы өнім сапасын арттыру мүмкіндіктеріне қол жеткіземіз», - деді онлайн форматта өткен есептік кездесуде Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов.

Таскала панорама (1)

Аудан басшысының айтуынша, ұйымдастырылған мал бағымының жүзеге асырылуы, маусымдық, тұрақты және әлеуметтік жұмыс орындарының ашылуы мен ветеринарлық қауіпсіздік шараларымен қамтылуын ойластырған жөн. Бұл мақсатта Мерей ауылдық округі негізінде талдау жүргізіліп, жеке қосалқы шаруашылықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, қолданыстағы бағдарламаларға сәйкес дамытқанда бес жылда жеке қосалқы шаруашылықтарында қол жеткізетін оңды өзгерістер мен жетістіктерді көрсете отырып, жоба жасадық. Аталмыш жоба облыс әкімінің қолдауымен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс ретінде жолданды. Жоба қолдау тапқан жағдайда ауыл тұрғындарының табыс көлемі көбейіп, тұрмыс деңгейі артатына сенім мол. Бүгінгі таңда ауданда 280 мүшесі бар 19 ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив құрылған.

Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале