Бүгінде жеке кәсібін ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан қомақты қолдаулар көрсетіліп келеді. Жеңілдетілген несиелер, гранттар мен демеу қаржылар – бизнесті қолдаудың нақты дәлелі.
- Қазіргі таңда аудан бойынша 978 (839) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға артық.
Бұл салада 1 340 (1005) адам жұмыс жасайды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда 2017 жылдан бері Елбасымыздың бастауымен жүзеге асырылып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасының орны ерекше екендігін атап өтуге болады. Аталмыш бағдарлама аясында өткен жылы 82 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, үйренді.
Аудан бойынша 65 тұрғын 201,8 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. 193 адамға 107,1 млн. теңгенің гранты берілді, - дейді аудан әкімі Жанат Асылханұлы.
«Қаратөбе өңірі»,
zhaikpress.kz