11.02.2021, 19:17
Оқылды: 61

Қаратөбеде 15 шаруа қожалығы жер телімін мақсатты пайдаланбаған

Кәсіпкерлікті дамыту, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын, инвестициялық тартымдылықты жақсарту, кәсіпкерлердің өз бизнестерін одан әрі дамытуы және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 3 (71 жер телімі - 91 720 га, 305 өтініш) конкурс ұйымдастырылды. Жеңімпаз болып табылған 68 өтініш иелеріне көлемі жалпы көлемі 90 220 га жер (телімдері) берілді.

 Слайд11

Конкурстар нәтижесінде алдағы бес жыл ішінде 11,5 млрд. тг. инвестиция тартылады және 208 (136 тұрақты, 72 маусымдық) жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың айтуынша, соңғы екі жылда 15 шаруа қожалығының 13 882 га жер телімін мақсатына сай пайдаланбай отырғандығы анықталды (2019 жылы 8 601 га, 2020 жылы 5 281 га). Пайдаланылмай отырған жер телімдері иелеріне түсінік жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 8 шаруа қожалығының 4700 га жер телімі мемлекетке кері қайтарылды. Қайтарылған 4700 га жер телімінің 1500 га қайтадан айналымға енгізілді.

«Қаратөбе өңірі»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале