11.02.2021, 20:10
Оқылды: 61

Алғашқы қазақ сыныптарының ашылу тарихы - ел жадында

Тәуелсіздікке қол жеткізу – білім беру жүйесі мен педагог қауымдастықтары алдынан жаңа мүмкіндіктер мен көкжиектер ашты.

та1

Ел тәуелсіздігін алған жылдары Тасқала ауданында «Каменская» орыс-қазақ орта мектебі жанынан қазақ сыныптары 1991-1992 оқу жылдарында көптеп ашылды. Сол жылдары мектепке келген жас мамандар Ахметов Асылбек Талапқалиұлы,  Халиуллина Ақсүйрік Кадыровна, Баисова Гүлмира Ермекқызы, Темиралиева Алтынғаным Жасқайратқызы 60-тан аса бүлдіршінді білім нәрімен сусындатты.

та2

1-сынып оқушыларына жанашырлық танытқан және мұғалімдерге қолдау көрсеткен тіл жанашырлары  Кенжегалиев Мағжан Кенжеғалиұлы, Рахимов Сансызбай Бақтығалиұлы сыныптарды қажетті көрнекіліктермен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар бір қазақ сыныбының екі сынып болып ашылуына себепкер болған осы адамдар болатын. Осылайша әр кезекті оқу жылында қазақ сыныптарына оқушылар қабылданып, өз алдына білім ордасына айналатындай дәрежеге жетті. Қазіргі таңда осы оқушылардың жасы 35-тен асып, ақыл-ойы толысқан шаққа жетіп, бір-бір шаңырақтың иесіне айналып, әр түрлі салада еңбек етуде.

та3

Аудан жұртшылығының қазақы болмысын қалыптастыруға ықпал еткен қазақ сыныптарының, жалпы аудандағы білім ошақтарының да алдында тұрған басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамыту, әр оқушының бойында өз еліне, жеріне сүйіспеншілігін тәрбиелеп, тілін, тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу, ұлтжанды азамат тәрбиелеу болып табылады.

Еліміз өз тәуелсіздігін алып, ұлтымыз өз ана тілінде еркін сөйлеу дәрежесіне де жетті. Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Тасқала аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале