15.02.2021, 21:30
Оқылды: 318

Батысқазақстандық ақын – "Әлішер Науаи" атындағы медаль иегері

Батысқазақстандық белгілі ақын, ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талап Таймасұлы Өзбекстан Республикасының ұйымдастыруымен өткен философ және ақын, мемлекеттік қайраткер Әлішер Науаидың 580 жылдығына арналған әлемдік поэзия байқауында Қазақстан Республикасы бойынша бас жүлде иеленіп, "Әлішер Науаи" атындағы медальді еншіледі.

 талап аға1

Шараға Ресей, Түркия, Испания, Латвия, Франция, Үндістан, Украина, Польша, Әзірбайжан, Армения, Вьетнам, Сирия т.б. жалпы, отыздан астам мемлекеттен қаламгерлер қатысты.

Аталмыш байқаудың өтуіне «Янги Овоз» Орталық Азия Жазушылар мен Тарихшылар Одағы, Қырғыз Республикасындағы «Амир-Темур» қоғамдық қоры атсалысты. Осы негізде «Тұран биримдиги» бірлестігі одағы әр мемлекеттің жеңімпазына «Әлішер Науаи» атындағы медаль тағайындаған болатын.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале