16.02.2021, 11:27
Оқылды: 14

Қаратөбеде Саяси кеңес Бюросы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында Саяси кеңес Бюросы отырысы өтті.

150771630_3523064274486370_4859894501993580729_o

Аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен өткен отырыста «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жасақталған іс-шара жоспары – Жол картасын бекіту және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын мақұлдау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразовтың хабарламасы тыңдалды.

Бюро отырысында қаралған мәселелердің ауданымыздың алдағы бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңыздылығына тоқталған филиал төрағасы партия филиалының жоспарлы іс-шараларын жүзеге асыруда барлық құзырлы органдармен бірлесіп жұмыстану қажеттігін атап өтті.

Өткен депутаттық фракция отырысында халық қалаулылары партия филиалының бес жылдық жұмыс жоспарына сай жасақталған шараларды жүзеге асыру мәселесін талқылаған болатын.

- Партияның сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруда асқан жауапкершілік пен тиянақтылық талап етілдеді. Сондықтан атқарылатын жұмыстарға мұқият қарап оларды өз деңгейінде жүргізуіміз керек, - деді филиал төрағасы Жанат Асылханұлы.

Филиалдың Саяси кеңес бюросында қаралған мәселелерді бюро мүшелері бірауыздан мақұлдап, қаулы қабылданды.

 

                                                                 Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале