17.02.2021, 17:47
Оқылды: 12

Бәйтеректік бағдарлаушылар бағытынан айнымады

ШҚО Өскемен қаласында шаңғымен спорттық бағдарлаудан ел чемпионаты өтті. Жарыс иелерінен бөлек, СҚО, Алматы облысы, Алматы қаласы, Павлодар, Жамбыл облыстары және Нұр-Сұлтан, Қарқаралы қалалары мен ШҚМУ командалары қатысқан жарыста 140-тан астам спортшы бақ сынады.

Screenshot_20210217_173607

Аталмыш бәсекеге облыс атынан барған спортшылар арасында бәйтеректік өрендер де болды. Айта кетейік, жерлес спортшылар намысты қолдан бермеді. Жарыстың алғашқы күні 14 және 16 жастағы ұлдар мен қыздар орта қашықтықта жарыс жолына шықты. Қорытындысында Бахтияр Болатбек 14 жасар ұлдар, Ерасыл Серікұлы 16 жасар ұлдар арасында жеңімпаз атанса, Ақжайық Елубаева 16 жасар қыздар бәсекесінде үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ 20 жасар ерлер арасында Мұстафа Мұхамбетұлы үшінші орын иеленді. Бұдан соң спортшылар ұзақ қашықтықта бақ сынады. Бұл жарыста Бахтияр Болатбек үшінші, Ерасыл Серікұлы, Ақжайық Елубаева және Мұстафа Мұхамбетұлы үшінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар спринт қашықтығында да жерлестеріміз жерге қаратпады. Бұл сында Бахтияр Болатбек үшінші, Ерасыл Серікұлы мен Мұстафа Мұхамбетұлы екінші орын иеленсе, Ақжайық Елубаева алдына жан салмай, чемпион атанды.

Чемпионат қорытындысында облыс құрамасы жалпы командалық ІІІ орынға тұрақтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Ақпарат және сурет @bqo_sport инстаграмм парақшасынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале