Облыстық «Жедел жәрдем» стансасына су жаңа реанимациялық көліктердің тағы бір партиясы сатып алынды. Нақтырақ айтсақ, өңірімізге қосымша әкелінген «Жедел жәрдемнің» 20 көлігі жеткізілді.
Бүгінде реанимациялық көліктердің жетеуі Бөрлі, Казталов, Бөкей ордасы, Шыңғырлау және Тасқала аудандарының ауыл тұрғындарына қызмет көрсету үшін
аудандық стансаларға жіберілген. Айта кетсек, соңғы алты айда облысқа МӘМС аясында 57 жаңа «Жедел жәрдем» көлігі сатып алынды. Олардың бірқатары облыстың барлық ауданына таратылған. Осылайша өңірдегі «Жедел жәрдем» стансасының санитарлық көліктерінің жалпы саны 116-ны құрап, көлік техникасының жалпы тозуы 40%-ға дейін кеміді.
Облыстағы емдеу мекемелерінде «Жедел жәрдем» көлігінің көбеюі өз кезегінде жол-көлік оқиғасына тап болғанадамдарға немесе науқастарға тез және уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Өз тілшіміз