17-18 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
Министр Юрий Ильиннің екі күндік жұмыс сапары Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен «Уральскагрореммаш» АҚ Өрт сөндіру автомобиль техникасын шығару зауытының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Зауытта өндіріс барысы және акционерлік қоғамның тауарлары мен қызметтерінің ассортиментімен (автоцистерналар, сыйымды-құю техникасы, өрт сөндіру техникасы, тез тұрғызылатын ғимараттарға арналған металл конструкциялары) таныстырылды.
Одан соң Батыс Қазақстан облысы ТЖД дағдарыс орталығында жедел жағдай және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша облыс аумағында орналасқан ТЖД аумақтық бөлімшелерімен жұмыс кеңесі өтті.
Жұмыс сапарының екінші күні Министр Ақсай қаласындағы модульдік өрт сөндіру бөлімінің құрылысын жоспарлау барысын тексерді.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевпен бірге өңірдің бірнеше елді мекендерін аралады.
Аталған елді мекендердің аумағында өрт қауіпсіздігі саласын дамыту үшін өрт деполарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Туындаған мәселелерге қатысты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Ал Бөрлі ауданының аумағында болуы мүмкін ірі ауқымды техногендік төтенше жағдайларға ден қою және оның салдарын жою бойынша басқару органдарының, азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының практикалық әзірлігі шеңберінде «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшағымен Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқу-жаттығу өткізді.
Жаттығу барысында арнайы құрылғылармен құтқарушылар мен зардап шеккендерді түсіру және қабылдау және ТЖ болжанатын ауданнан зардап шеккендерді эвакуациялау бойынша тәсілдер пысықталды.
Сонымен қатар министр Юрий Ильиннің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевтің, Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевтің, Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының өкілдері, ХАҚҰ Бас хатшысының орынбасары Андрей Кудиновтың, ХАҚҰ халықаралық департаментінің директоры Салтанат Ташматованың, ХАҚҰ-ның Орталық Азия өңірі елдеріндегі өкілі Жанұзақ Токушевтің және облыс аумағында жұмыс істейтін ірі шетелдік мұнай-газ компанияларының басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында Қазақстанның батысында өңірдің мұнай-газ саласының әлеуетті-қауіпті объектілері шоғырланған жердегі ХАҚҰ-мен бірлесіп төтенше жағдайларға авариялық ден қою жөніндегі халықаралық өңірлік тренинг-орталығын құруды жоспарлау және одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын дамыту бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Кеңесте Батыс Қазақстан облысы ТЖД-ның бастығы, сондай-ақ ХАҚҰ өкілдері баяндама жасады.
ХАҚҰ қатысушы елдердің азаматтық қорғанысының ұлттық қызметтерін біріктіреді (қазіргі уақытта 59 ел бар және тағы 16 бақылаушы мемлекеттер болып табылады), Азаматтық қорғаныс қызметтерінің қызметкерлері, сондай-ақ халық үшін оқу және ақпараттық бағдарламаларды әзірлейді және дамытады.
Ұйымның мақсаты мемлекеттерге халықты қорғау мен көмек көрсетуді, сондай-ақ дүлей және антропогендік апаттар жағдайында мүлік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдар құруға жәрдемдесу болып табылады.
Кеңеске қатысушылар азаматтық қорғау саласындағы негізгі үрдістер туралы өзара пікір алмасып, қорытындысында ұсынымдар қабылдады.
Сапар қорытындысы бойынша министр Юрий Ильин ТЖ-ға авариялық ден қою жөніндегі халықаралық өңірлік тренинг-орталығын құрудың маңыздылығын, сондай-ақ өңір халқы үшін іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі