Бүгін аудан әкімдігінде Теректі ауданы әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен осы лауазымды Амангелді Тугузбаев атқаратын болды.
Жоғары білімді, Батыс Қазақстан аграрлық университетінен экономист-менеджер мамандығын алған.
Батыс Қазақстан облысы аумағында бірқатар басшылық қызметте жұмыс жасап, мол тәжірибе жинақтаған білікті мемлекеттік қызметкер.
Теректі ауданындағы қызметі 2000 жылы Теректі ауданы бойынша салық комитетінен басталды. Жауапкершілікпен атқарған жұмысының нәтижесінде әрі қарай лауазымдық сатымен жоғарылады. 2007-2014 жылдары Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.
2014-2018 жылдары БҚО, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдан күні кешеге дейін Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы әкімі болып жұмыс жасады.
Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов жауапты қызметке тағайындалған орынбасары Амангелді Тугузбаевтың жұмысына сәттілік тіледі.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz