Жуырда Алматы қаласында «Менің пірім – Сүйінбай» атты халықаралық студенттер арасындағы ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қытайдан, Моңғолиядан, Қырғызстаннан ақындар қосылды. Айтысқа қатысып, жүлде алғандардың бірі – жерлесіміз Данияр Нысанғалиев.
Айта кету керек, аламан айтысқа 20 ақын қатысып, олардың 12-сі финалға жолдама алды. Алғашқы күні айтыс ҚазҰПУ-дың бас ғимаратында өтті. Тартысқа толы, әзіл аралас, қырғыз елі мен қазақ жұртының арасындағы әлеуметтік мәселеден бастап, саяси тақырыптарға дейін жүйріктеріміз шамасы келгенше айтып бақты.
Айтысқа ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы, ақын Жүрсін Ерман, профессор, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов, айтыстың аңызына айналған, маңдайына біткен жарық жұлдызы Бекарыс Шойбеков, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер Серік Қалиев, 2020 жылғы «Алтын домбыра» иегері, айтыскер Рүстем Қайыртайұлы, т.б. қазылық етті.
Айтыс қорытындысында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тумасы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің студенті Данияр Нысанғалиев жүлделі ІІ орынды иеленіп, 150 000 теңге бұйырды.
Данияр Дидарұлы бірінші айналымда қарағандылық Жанарыс Тілеубекпен, ал финалда Бекжан Базарбекпек айтысты.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz