24 ақпан күні сағат 17:20-да Шалғай ауылының тұрғынын ауруханаға жедел жеткізу жөнінде аудандық орталық аурухана Бәйтерек ауданының ТЖБ-нің көмегіне жүгінеді. Бұл жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған.
Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талғат Бекмұханов 1953 жылы туған М. есімді азаматты жедел эвакуациялау туралы шешім қабылдайды.
Осылайша төтеншеліктердің жедел іс-әрекетінің арқасында науқас БҚО ТЖД Трэкол арнайы техникасының көмегімен аудан орталығына жеткізілген.
- Төтеншеліктердің көмегімен ауруханаға жеткізілген науқастың қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Ем-домын жалғастырып, алатын болады, - дейді аудандық орталық аурухаға директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Майра Жангалиева.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz