Бүгін БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева білім басқармасының фейсбук парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып, облыс тұрғындарын онлайн қабылдады.
Онлайн қабылдау барысында әлеуметтік және ватсап желісі арқылы БАҚ өкілдері мен тұрғындардан келіп түскен 20-дан астам сұраққа жауап берілді. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты алдағы уақытта да азаматтарды онлайн қабылдау жүргізілетін болады.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі