Бүгін Орал қаласында жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Бабадан қалған ұлы мұра" атты онлайн концерт өтті.
Дарынды дала бұлбұлы Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған онлайн концерт әлеуметтік желі арқылы көрерменге көрсетілді.
- "Арнау" этнофольклорлық ансамблі шара шымылдығын ашып берді. Онлайн концертте әнші Асхат Оразов Мұхиттың әні "Кіші айдай"-ды шырқаса, Ернар Өмірәлі халық әні "Ой, көк"-ті орындады.
Сонымен қатар, жас әнші Әсел Бақберген халық әні "Жан еркені" шырқады, - дейді орталықтың ақпарат және жарнама бөлімінің меңгерушісі Дариға Серікқызы.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz